Жылады аспан күз күні lyrics

Сырбай Мәуленов

0
0

Share:


Жылады аспан күз күні,
Көзінен жасы моншақтап.
Күтіп ек ерте біз мұны,
Қалды екен неге ол сақтап.
Көктемде күтті сар дала,
Бидайымен сағынып.
Қоршаған бұлттар айнала,
Құйғытып өтті ағылып.
Жаңбырдың бұлты келер деп,
Жаз айында күтті оны.
Төнеді бұлттар төмендеп,
Жұмыста жүрсе жұрт қолы.
Жылады аспан күз күні,
Көзінен жасы моншақтап,
Күтіп ек ерте біз мұны,
Қалды екен неге ол сақтап.
1956
Сырбай Мәуленов, Жылады аспан күз күні lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

26.08.2016