Жұлдыздар lyrics

Сырбай Мәуленов

0
0

Share:


Бекер жұлдыз көп деген,
Аңыздар ерте кездегі.
Қарайды мың сан отпенен,
Даланың күлімкөздері.
Дірілдеткен күз лебі,
Салқынкөл сары жапырақ.
Жұлдызбен ойнап түздегі,
Жүзеді түнде жарқырап.
Жылжиды кешіп далада,
Жұлдыздарда жоқ ерік.
Кім білсін оны бара ма
Миллион қолдар көтеріп.
1957
Сырбай Мәуленов, Жұлдыздар lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

26.08.2016