Жасыл орман lyrics

Сырбай Мәуленов

0
0

Share:


Жазғытұры күн-түн қатып,
Колхозды елім еккен қолдан.
Жапырағыңды судырлатып,
Жайқал, жайқал жасыл орман.
Қөктің жүзін бұлттар орап,
Күзде кетіп, келді қыста.
Күрең тартып тұрсын қарап,
Күзетшідей күншығыста.
Бойын өрлей Тоғызақтың,
Биіктеген берік қорған.
Алдын тосып аңызақтың,
Жайқал, жайқал жасыл орман.
1949
Сырбай Мәуленов, Жасыл орман lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

26.08.2016