Жаңғырық lyrics

Сырбай Мәуленов

0
0

Share:


Шуылдаған бұлақтардың
Жаңғырығы бар менде.
Шайған дала қыраттарын
Жаңбыр үні бар менде.
Жалын шашқан жанартаудың
Жаңғырығы бар менде.
Сары алтындай Сарыарқаның
Таңғы нұры бар менде.
Көңілімнен күй үзбеймін,
Жырлау үшін мәңгілік.
Табиғаттан сый іздеймін,
Тұру үшін жаңғырып.
Сырбай Мәуленов, Жаңғырық lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

26.08.2016