Жаңғақ ағашы lyrics

Сырбай Мәуленов

0
0

Share:


Қариядай кәрі ағаш,
Келе жатқан қашаннан.
Бірақ жаны әлі жас,
Жылда көктеп жасарған.
Жапырақ жайып сақтаған
Шаңқай түс,
күн көзінен.
Бұтақтар қанша қаптаған
Ұрпақтай өрбіп өзінен.
Суырып тілді үйірген,
Тәтті жоқ со бір жаңғақтай.
Көк өрім болып түйілген,
Түйірі әрбір бармақтай.
Көрінеді көзге ерек,
Ой түсірді ол қанша...
Шіркін,
жасың жүзге кеп,
Жемісің де мол болса.
Сырбай Мәуленов, Жаңғақ ағашы lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

26.08.2016