Жаңбырдан соңғы кеш lyrics

Сырбай Мәуленов

0
0

Share:


Жаңбыр өтті жүгіріп,
Орнында бірақ қалды бұлт.
Теректер шашын жуынып,
Шулайды бұлақ жарды ұрып.
Қоңырайған тау түсі,
Өкпелеген адамдай.
Келсе де бұлттың жауғысы,
Тұр енді қайта жауа алмай.
Айтатын оған сөз мынау:
Жанатын болсаң бір-ақ жан,
Жауатын болсаң бір-ақ жау,
Дүниеде осы бір-ақ заң.
Сырбай Мәуленов, Жаңбырдан соңғы кеш lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

26.08.2016