Ақын көңіл өзендей есіп, тасып,
Қойдым үйге серіппелі бесікті асып.
— Төр алдында орыным дайын ба,— деп,
Жас Мәуленов келеді есікті ашып.
Бар мінезім қалайша ауды бұған,
Дәл өзімнен даусы да айнымаған.
Қызғанбашы, жас ана қызғанбашы,
Көздерінде көзің тұр жаудыраған.
1953 Сырбай Мәуленов, Ұлыма lyrics, 0 Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store
Қонақ
Өте жақсы маған ұнады