Тыңда, жолдас комиссар! lyrics

Сырбай Мәуленов

0
0

Share:


Тыңда, жолдас комиссар,
Жібер мені майданға.
Қан жорықта жүрейін,
Қайырламай қайраңда.
Тыңда, жолдас комиссар,
Қолыма тез қару бер
Аттанайын екеу боп,
Өлеңім мен жауынгер.
Тыңда, жолдас комиссар,
Тілегімді қабылда.
Томағамды сыпырып,
Ұшыр мені дауылда.
Сырбай Мәуленов, Тыңда, жолдас комиссар! lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

26.08.2016