Теңіз жағасында lyrics

Сырбай Мәуленов

0
0

Share:


Қыз орамал бұлғайды,
Бара жатыр күн батып.
Қаспий теңіз шулайды
Толқынымен тіл қатып.
Қыз бетінен сүйеді,
Көк теңіздің лебі кеп.
Толқын болып сүюі
Бұрқанады жел үдеп.
Қарап сүйген жарына,
Жас теңізші күледі.
Күлгенменен оның да
Күйсіз шығар жүрегі.
Қызға қайғы жегізбей
Сен күлесің қазірде.
Сағынышың теңіздей
Болар бәлкім аз күнде.
Сырбай Мәуленов, Теңіз жағасында lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

26.08.2016