Сөйлеп еді жүрегім lyrics

Сырбай Мәуленов

0
0

Share:


Бұлбұл қанат
Көк тоғайда,
Тұрдық қарап
Көктегі айға.
Көздеріңдей мөлдіреген
Қарақаттар төнді төмен.
Тұрдың үнсіз,
Тұрдың тілсіз,
Құшағында қиялдың.
Бала кезім,
Қара көзің
Қадалғанда ұялдым.
Айтылмай-ақ сөз де бітті,
Айрылатын кез де жетті.
Бала кезім,
Қара көзім,
Кінәладың, білемін.
Бірақ сонда,
Тіл орнына,
Сөйлеп еді
жүрегім.
1953
Сырбай Мәуленов, Сөйлеп еді жүрегім lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

26.08.2016