Сия сауыттың паспорты lyrics

Сырбай Мәуленов

0
0

Share:


(Ә. Тәжібаевтың 50 жасқа толған
мерекесінде оқылған өлең)
Шыңдарын аялаған аспан сүйіп,
Оралдың таулары бар асқан биік.
Жасаған шебер қолдар сол арада
Өзіңе сол сауытты тастан құйып.
Ол жерде фонтан болып ән атылған,
Жер-суы өлең сөзден жаратылған.
Сол жерде Златоуст шеберлері
Оралдың соққан мұны болатынан.
Тербетіп тұнық ойды тереңдегі,
Ақынның толқысын деп өлеңдері.
Сауытты жасап еді Орал таудың
Бүргені тағалаған шеберлері.
Өзіңді дәмеліге санап қойып,
Алдыңа Алатаудай талап қойып.
Салды олар өлең ата суретін,
Жазғын деп ұлы Абайға қарап қойып.
Сырбай Мәуленов, Сия сауыттың паспорты lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

26.08.2016