Сексеуіл lyrics

Сырбай Мәуленов

1
0

Share:


Кеште таулар түтіндеп,
Соқты құйын аптығып.
Құм даланы түтіп жеп,
Аш бөрідей жатты ұлып.
Алақ-жұлақ жүгіріп,
Жалғыз өзі жолда ойнап.
Жерден құмды суырып,
Қуалады жолға айдап.
Тілсіз жауға жаланған,
Төтеп беріп кеште бұл.
Жолды сақтап бораннан,
Қалды қалың сексеуіл.
Еккен оны түркімен
Қоймаған соң құм қаптап.
Жолды апат-бүліктен,
Сексеуілдер тұр сақтап.
Сырбай Мәуленов, Сексеуіл lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

26.08.2016