Өзен жағасында lyrics

Сырбай Мәуленов

0
0

Share:


Жүзіп өтіп Торғайды
Қорқынышты сезінбей.
Балалар суда ойнайды
Баяғы күнгі өзімдей.
Балақтарын түрініп,
Жапырлай тарап жан-жаққа.
Шегіртке қуып жүгіріп,
Жем іздейді қармаққа.
Балықты қайтса мол алып,
Олжаға батып болар мәз.
Ойқой, шіркін, балалық,
Бұл не деген жомарт жаз!
Тәйірі, оған бәрібір,
Аңызақ күннің қызуы.
Өзенде ойнап әлі жүр,
Өзінде барлық қызығы.
1956
Сырбай Мәуленов, Өзен жағасында lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

26.08.2016