Орман арасындағы егін lyrics

Сырбай Мәуленов

0
0

Share:


Күн сәулесі жүгіріп,
Кезді алқапты қыдырып.
Ойнады орман үстінде
Шұғыла мың құбылып.
Барлап байтақ даланы
Күннің көзі қарады.
Орман, орман — ну орман
Ортада егін аралы.
Белдеуіндей оралған,
Күзетші боп көк орман,
Қорғапты егін даласын
Аңызақтан, бораннан.
1952
Сырбай Мәуленов, Орман арасындағы егін lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

26.08.2016