Орал орманы lyrics

Сырбай Мәуленов

0
0

Share:


Ажал төніп анталап,
Аспанды бұлт торлады.
Аттандық біз батысқа
Қалды Орал орманы.
Қалды орыстың жас қызы
Орамалы желпілдеп.
Өзеніндей Исеттің
Қөзде жасы мөлтілдеп.
Аттандық біз батысқа
Аялдамай аптығып.
Қас қарайып, күн батып
Айналаны жапты ымырт.
Буырқана түйілдік
Бұзылды жау қорғаны.
Болды солдат сапында
Байтақ Орал орманы.
1943
Сырбай Мәуленов, Орал орманы lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

26.08.2016