Магнит кеші lyrics

Сырбай Мәуленов

0
0

Share:


Думан боп күнде жатады,
Магнит таудың кештері.
Жалынын жиі атады,
Жарқылдап мартен пештері.
Магнит таудан сарқырап,
От өзендер құлайды,
Ағады құрыш жарқырап,
Қалады қоқыс ылайлы.
Өмірдің отын маздатқан
Магнит таудың кештері.
Жалыннан жалын қоздатқан,
Мартеннің алып пештері.
Жаңартқан дала картасын,
Магнит таудың ерлері.
Магниттей тартасын,
Өз ортаңа сен мені.
1950
Сырбай Мәуленов, Магнит кеші lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

26.08.2016