Ленин алақаны lyrics

Сырбай Мәуленов

0
0

Share:


Тулайды теңіздер,
Шулайды ормандар,
Шешек атады жас гүлдер,
Жапырақ жаяды жас құрма —
Ленин алақанының астында.
Ленин алақаны —
Күн тұғыры,
Ай алаңы,
Жер шары аясында айналады.
Ленин алақанында
Таң жүзеді
Жаралған қардай нұрдан.
Ленин алақаны
Тербетеді жыр болып бесіктерді,
Ашады ақ нұр болып есіктерді.
Сипайды жетімдерді маңдайынан.
Түр-түсінен даланың,
Күлкісінен баланың,
Күлкісінен кәрі атаның,
Лениннің сезесің алақанын.
Сырбай Мәуленов, Ленин алақаны lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

26.08.2016