Күннің шығуы lyrics

Сырбай Мәуленов

0
0

Share:


Адыры тартып шағырмақ,
Көрінді таңда тау тұңғыш.
Қанаты от боп жалындап
Келеді жерде алтын құс.
Аспанға тура кетуге
Жібермей оны тартты күш.
Дөңгелеп жердің бетінде,
Көп жүрді әлгі алтын құс.
Алқынып ашу қысқандай
Атылды лаулап жаңағы от.
Биікке байлап ұшқандай
Жерден бір жаңа самолет.
Сырбай Мәуленов, Күннің шығуы lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

03.09.2016