Күн сәулесі lyrics

Сырбай Мәуленов

0
0

Share:


Желмен ұшты жапырақтар,
Саулап түскен сары алтындай.
Желмен ұшты жапырақтар
Самұрықтың қанатындай.
Боз киіктей зырлап қашқан,
Батады күн бұлтқа барып,
Боз қыраулы жылайды аспан,
Жерді мөлдір шыққа малып.
Күн сәулесі қалып еді
Егін өскен жерде ұйып,
Түнде де жер жарық берді
Жинады астық ел жиылып.
Күн сәулесі жатыр тұнып,
Сарыарқаның жазығында;
Сары бидай қауызында,
Егіндіктің аңызында.
Сырбай Мәуленов, Күн сәулесі lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

26.08.2016