Комиссар туралы жыр lyrics

Сырбай Мәуленов

0
0

Share:


Штабтан қайттық қыс күні,
Борайды боран далада.
Борайды қардың ұшқыны
Жұлдыздай қонып жағаға.
Қалмайды боран ілесіп,
Барады лебі бойды алып.
Жылыну үшін күресіп,
Лактырып қарды ойнадық.
Қалғандай соғыс жайына,
Келеміз оны сезінбей.
Жоқ енді бізде айырма
Секілді ол да өзімдей.
–Аласың хатты сен қанша?
Салады хатты неше қыз?
–Келіншектер болмаса
Жарлы еді қызға көшеміз...
Қуланып қатал бұйырып,
–Айт, – дейді, – бәрін жасырмай! Күледі қайта жымиып,
Бар еді жаны осындай.
Шіркін, біздің комиссар
Александр Любимов.
Ағамыздай болды дәл
Соның үшін сүйді жұрт.
Сырбай Мәуленов, Комиссар туралы жыр lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

26.08.2016