Көктем тойы lyrics

Сырбай Мәуленов

0
0

Share:


Күзетке тау отарын
Тұрды түнде бұлт алып.
Жонын жарып жотаның
Ақты бұлақ бұрқанып.
Бұлттың жібек пердесін
Судырлатты жел түріп.
Еркін керіп кеудесін,
Әндетті өзен желпініп.
Туып тойлы көктемі
Билеп орман – жүр қыздар.
Көрушісі көктегі –
Жыпырлаған жұлдыздар.
Сырбай Мәуленов, Көктем тойы lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

26.08.2016