Алматыдан аттанып.
Ашхабадқа жөнелді,
Ақ көңілін ақтарып.
Аппақ гүлді баулары,
Ақ мақталы күміс жер.
Жатты теңіз, таулары
Жайып салды туыс ел.
Алға тосты бар сыйын,
Болдық тәнті бауырға.
Ағайынның ән-күйін
Ала қайттық ауылға.
Көңілдерге түсірдік
Көркін көркем жерінің.
Айтуға аздап қысылдық
Айыбын құм-шөлінің.
Теңізін де, тауын да
Араладық бірқатар.
Жанды тербеп тағы да
Түсті өлең боп бұл сапар. Сырбай Мәуленов, Кіріспе lyrics, 0 Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store