Керуенші келіншек lyrics

Сырбай Мәуленов

0
0

Share:


Ақша жүзі қоңырқай,
Күйдіргендей күн ептеп.
Арбасына ақ бидай,
Атып жатыр күректеп.
Еңбегімен жүлдені ап,
Ел аузында жүр аты.
Сезілгендей бірден-ақ,
Қимылынан қуаты.
Қоңыраулы қос күрең,
Қояр емес жер тарпып.
Керіледі Қызыл Ту,
Жиектерін жел тартып.
Жазда баптап даланы,
Жүргенін біз көуші ек,
Керуен тартып барады,
Күзде со бір келіншек.
1950
Сырбай Мәуленов, Керуенші келіншек lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

26.08.2016