Қарындасым ханшайым lyrics

Сырбай Мәуленов

0
0

Share:


Көрем ала таң сайын,
Қарындасым Ханшайым.
Қашан барсам алдымда
Қаймақ қатқан бал шайың.
Жетісесің бар жаққа,
Қамқоршысың сен көпке.
Төрт терезең тау жақта,
Төрт терезең көл бетте.
Көздеріңде шаршаған,
Көмек етіп көл саған,
Жігер құйып жел саған,
Дем бергендей тау саған.
Бүкіл лагерь қолыңда
Жүрек мырза, жан жомарт.
Томпаңдаған соңыңда
Жүз балаң бар қолқанат.
Күнде сені көрейін
Тау бауырынан таң сайын.
Үстем болсын мерейің,
Қарындасым Ханшайым.
Сырбай Мәуленов, Қарындасым ханшайым lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

26.08.2016