Қайың мәйегі lyrics

Сырбай Мәуленов

0
0

Share:


Жаздың ыстық күнінде
Соғады үйтқып жалын-жел
Жатты қайың түбінде
Жаралы бір жауынгер.
Кешіп дала сағымын,
Жетті ол шөлдеп, қаталап.
Жарып қайың қабығын
Қолын тосты жата қап.
Ақ қайыңның шырыны,
Сусын болды сырадай.
Бекіп әлсіз буыны,
Жанды көзі шырадай.
Сезбеді ол жұтқанын,
Сумен қоса күн нұрын.
Аспанның ақ бұлттарын,
Таңғы шықтың мөлдірін.
Сырбай Мәуленов, Қайың мәйегі lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

26.08.2016