Қайтармыз қазақстанға lyrics

Сырбай Мәуленов

0
0

Share:


Қайратты күш шыдатпас,
Шығар жаудың талқаны.
Қайтармыз Қазақстанға,
Аралармыз Арқаны.
Құдіретті күшімен,
Құрар жеңіс салтанат.
Қалған бірге жабырқап
Күлер қайта махаббат.
Топырағында туған жер,
Аунап-қунап жатармыз.
Көкорайлы көлдерден,
Кегер үйрек атармыз.
Астымызда жүйрік ат,
Шапқылармыз зымырап.
Асқар тауға шығармыз,
Бұлтымен бір бұлдырап.
Қайратты күш шыдатпас,
Шығар жаудың талқаны,
Қайтармыз Қазақстанға,
Аралармыз Арқаны.
1942. Волхов майданы
Сырбай Мәуленов, Қайтармыз қазақстанға lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

26.08.2016