Еділ жағасында lyrics

Сырбай Мәуленов

0
0

Share:


Ерке өзенін шолып түнде елімнің,
Тұрмын жалғыз жағасында Еділдің.
Сылдыр қағып ағып жатыр ағын су
Толқынындай лепірген жас көңілдің.
Кей кездерде көкке шапшып жоғары,
Күміс көбік биік жарға соғады.
Еділ түннің құшағында күрсініп
Әлденендей қалың ойға шомады.
Жараланған жанымнан қан тыйылар,
Құдіретті күш кеудеме кеп құйылар.
Аттанармын жағасынан Еділдің
Айқастарда жау желкесі қиылар.
Сырбай Мәуленов, Еділ жағасында lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

26.08.2016