Жүр менімен, сүйгенім.
Сыйлық етіп тартайын,
Сырдың қызыл гүлдерін.
Ұққан алғаш жан сырын
Бар еді бір жасыл тал.
Жасыл талда жасырын
Кездесіп ең ғашық жар.
Сылдыр-сылдыр күлкіңмен,
Құйып едің жыр маған.
Сонау өткен сол күннен
Сырыңды Сыр тыңдаған.
Саяхаттап қайтайын,
Жүр менімен, сүйгенім,
Сыйлық етіп тартайын,
Сырдың қызыл гүлдерін! Сырбай Мәуленов, Аралайық сыр бойын lyrics, 0 Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store