Сыдық Мұхамеджанов Әйтеуір, сол қыз – бір сұлу (0) lyrics

Әйтеуір, сол қыз – бір сұлу lyrics

Сыдық Мұхамеджанов

Әйтеуір, сол қыз – бір сұлу

0
0

Share:


Білмеймін, Ақтөбе ме, Ақмола ма,
Бір сұлу маған бір күн тап бола ма?
Қыз таңдап ел қыдырып жүргенімде,
Шынымен, маған солай бақ қона ма?


Қайырмасы:
Айсұлу әлде Нұрсұлу,
Жансұлу әлде Күнсұлу.
Атын білмей қор болдым.
Әйтеуір, сол қыз – бір сұлу.



Білмеймін, диқан ба екен, малшы ма екен,
Әлде бір алма мойын әнші ме екен.
Тапқанша сол сұлуды, кең Арқаның
Аралап барлық жолын таусып өтем.


Қайырмасы:
Айсұлу әлде Нұрсұлу,
Жансұлу әлде Күнсұлу.
Атын білмей қор болдым.
Әйтеуір, сол қыз – бір сұлу.



Білмеймін, аққұба ма, қара ма екен,
Мейірім бір көргенде қана ма екен?
Ел кезіп, аудан қоймай жүргенімде,
Япыр-ай, қай ауылдан табар екем?


Қайырмасы:
Айсұлу әлде Нұрсұлу,
Жансұлу әлде Күнсұлу.
Атын білмей қор болдым.
Әйтеуір, сол қыз – бір сұлу.

Сыдық Мұхамеджанов






GM

Added Lyrics

28.10.2015