Lyrics
Ол қызықпайды сенің атағыңа
Оны көре алмайсың түнгі клубтарында
Түнде шықпайды далаға
Отырмайды ғаламторда
Мен сондай қызды таптым
Жүгіремін мен соған
Ол ұқсамайды басқаларға
Жүрегі ұқсайды кішкентай балаларға
Сондай көркем және
Мейірімді жан ол
Мен оны қатты сүйемін
Қайталай берем соны
Оның көздеріне қарап батам
Дәл сондай көздерді
Көрмедім ешқашан
Еріндері жұмақ
Оның есімі жұмбақ
Жұмбақтың кілтін таптым
Ол менің қасымда
Ол мені сендірді
Шынайы махаббатқа
Оны алмастырмаймын
Бір түндік ләззатқа
Көп іздедім өзіңдей
Адал жан
Мен оны таптым
Ол менің тапқан бағым
Сұрақтардан сұрақтарға
Сұрақтарға бар ма жауап?
Махаббат бар ма дегендерге жауабым
Махаббат бар, ол менің тапқан бағым
Біздің сезім мәңгі
Тіпті басқа дүниеде
Шынайы бақыттымын
Маған қарап күлгенде
Қолымды ұстағанда
Тітіркенеді денем
"Менің кішкентайым" деп сені еркелемін
Жүрек түбінен шығады
Саған жылы сөздерім
Мені баурап алды
Сенің қара көздерің
Сенімен болам жаным
Кішкентай баладай
Ешкімде болмаған
Екеуміздегі махаббаттай
Мен үшін өте қымбатсың
Біздің махаббатқа
Мен білем адалсың
Мен де адалмын саған
Қанша сұрасаң жаным
Тек сені сүйемін деп
Бәріне жар саламын
Сен мені сендірдің
Шынайы махаббатқа
Сені алмастырмаймын
Бір түндік ләззатқа
Сәл өссем болды
Әйел етемін сені
Құдайымның сыйлығы
Сен деп білемін
Сұрақтардан сұрақтарға
Сұрақтарға бар ма жауап?
Махаббат бар ма дегендерге жауабым
Махаббат бар ол менің тапқан бағым
Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).