Smitty Үндеме (0) lyrics

Үндеме lyrics

Smitty

Үндеме

1
0

Share:


Айтылған сөз айтылды айтқаныңа өкінбе сен
Әлі жылы сөздерді естисін бұл өміріңде
Мен болмадым бақытың, бола алмадым ханзадаң
Сол кезде көрдім тек қызды маған теріс қараған
Махаббат неткен қатігез
Қазір бәрі керісінше қайтымпкелдім өзіме
Айтпақшы білесің бе тек маған...

Қайырмасы: 2 рет
Жаным деме, мен үшін өлем деме
Өтірік сүйем деме, отқа да күйем деме
Сөзіңе сенбеймін мен, көзіңе күлімдеген
Ал сені сүймеймін мен, өтінемін деме

Сол жігітті көргелі сен соқыр болып қалдың
Ал мен сенің жүрегіңнің бір бұрышында қалдым
Қанша рет мен тырыстым сені қайтарып алуға
Бірақ уақыт өте мақсат қойдым сені ұмытуға
Махаббат неткен қатігез
Қазір бәрі керісінше қайтып келдім өзіме
Айтпақшы білесің бе тек маған...

Қайырмасы: 2 рет
Жаным деме, мен үшін өлем деме
Өтірік сүйем деме, отқа да күйем деме
Сөзіңе сенбеймін мен, көзіңе күлімдеген
Ал сені сүймеймін мен, өтінемін деме

Сенің таңдауың әрине бұл өзіңнің қалауың
Бірақ содан кейін сөндіремін махббат алауын
Сол кезде кеш болады, маған сен қайтып келме
Махаббаттан тек гүл қалады деп мен саған айтып кеткем
Ызғарлы қыстарда, ып-ыстық жаздарда сені шын сүйгенмін
Әрқашан қасыңда болдым мен сол күнмен
Қиналған сенімен, мәз болып күлдім мен
Қуанған жүзіңмен, бағаламадың сен сол бір кездерді
Енді біздің маххабатымыз ұмытылып кетті
Қазір бәрі керісінше қайтып келдім өзіме
Айтпақшы білесің бе, тек маған...

Қайырмасы: 4 рет
Жаным деме, мен үшін өлем деме
Өтірік сүйем деме, отқа да күйем деме
Сөзіңе сенбеймін мен, көзіңе күлімдеген
Ал сені сүймеймін мен, өтінемін деме






GM

Added Lyrics

23.01.2016