Шынияз Шанайұлы Бойында Үштемірдің Әлім жүрген lyrics

Бойында Үштемірдің Әлім жүрген Шынияз Шанайұлы

0
0

Share:


Lyrics



Бойында Үштемірдің
Әлім жүрген,
Қолында тауарих жоқ алып жүрген.
Өмірден өтпейтұрғын адам бар ма,
Атадан балаға орын қалып жүрген.
Айырылып дәулетті менен қонысынан,
Адам көп осы күні налып жүрген.
Бұ күнде заман жақсы, адам жебір,
Жаманмен жолдас болсаң, басың кемір.
Жүрелік қалған жаспен базар етіп,
Келмейді екі айналып өткен өмір.
Келмейді екі айналып өткен өмір,
Боласыз жасқа өмір табыс еткен.
Жаралған екі өзеннің бірі - Жайық,
Біреуін құдіретпен Еділ еткен.
Қалмаққа Қабыртаңдай қылыш ұрып,
Ер болып ертеректе Едіге өткен.
Кітапта самұрық құс - құстың зоры,
Қашаннан кінәлі адам - қордың қоры.
Бір күні ақ киіктей обылармыз,
Ажалдың алдымызда қазған оры!..



Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Added

26.08.2016


shinline.kz / Создание сайтов - https://ima.kz