Үкілі қалқа

Шолпанай Берікқызы

2018

0
0

Share:





Загрузка...



Ағайын қуаныштың әніменен
Аяулы арулардың сәніменен
Барамын өз үйімнен ұзатылып
Қазақы табиғаттың заңыменен

Қуаныштан жас алып жанарыңа
Бала күнің қол былғап барадыма
Ақ батамен ауылдан аттанасың
Ақ жол деймін әніммен қадамыңа

Үкілі қалқам ардағым
Орында әке арманын
Арайлап атсын таңдарың
Бақытты бол жаным

Үкілі қалқам ардағым
Ананың жолын жалғадың
Тойыңа шашу шашқандай
Әнімді арнадым

Қыз ғұмыр-ай
Жарт жұртқа жаратылған
Басқа жанның бола туған
Жылы ұяңа ұшарда жарыңменен
Қалқатай деп демейін қанатыңнан

Әрбір қыз толқиды ғой баталарда
Береке бірлік келсін босағама
Аялап мені өсірген бас иемін
Бақытты өмір берген ата анама

Үкілі қалқам ардағым
Орында әке ана арманын
Арайлап атсын таңдарың
Бақытты бол жаным
Тойыңа шашу шашқандай
Әнімді арнадым
Шолпанай Берікқызы Үкілі қалқа lyrics, Шолпанай Берікқызы 2018


Загрузка...





Айгул

Corrected text

09.06.2018
Users