Жаным lyrics

Шамшырақ дуеті

2017

0
0

Share:



Тал шыбықтай бұралған
Сені көру бір арман
Айдай көркің айнам-ау
Қандай нұрдан құралған
Күнбе əлде аймысың
Мен іздеген лəйлімсің
Жүрегімнің қайғысың
Жазшы жаныма
Қайырмасы:
Жаным сенсің асыл ардағым
Жаным сенсің жалғыз арманым
Жаным аңсап сен деп келемін
Жаным саған шөлдеп келемін

Көңіл сырым шертілді
Жауладың-ау еркімді
Ұмыта алар емеспін
Күн дидарлы көркіңді
Асылым-ау,асылым
Сен деп толқып тасыдым
Менің сүйген ғашығым
Өзіңсің жаным!
Қайырмасы:(2рет)
Жаным сенсің асыл ардағым
Жаным сенсің жалғыз арманым
Жаным аңсап сен деп келемін
Жаным саған шөлдеп келемін
Шамшырақ дуеті, Жаным lyrics, 2017
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Corrected text

15.01.2018