Шағырмақ бұлт жай тастар lyrics

Шалкиіз Тіленшіұлы

0
0

Share:


Шағырмақ бұлт жай тастар,
Ағытқан қойды жол бастар,
Ақ желкенді жел бастар,
Ғадыл төре ел бастар,
Батыр жігіт қол бастар,
Шешен адам сөз бастар.
Құсты жисаң - бүркіт жи,
Қыс тонынды түлкі етер,
Бір жақсымен дос болсаң,
Азбас, тозбас мүлкі етер.
Бір жаманмен дос болсаң,
Күндердің күні болғанда,
Жүмле ғаламға күлкі етер.
Шалкиіз Тіленшіұлы, Шағырмақ бұлт жай тастар lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

26.08.2016