Жаным lyrics

Шахизада

2017

5
0

Share:



Көңілім бүр жарған көктемнен
Нәр алған жаралған жаным
ӨМІРІм ҚҰРАЛҒАН СЫНДАРДАН
СЕНЕМІН КӨНЕМІН ЖАНЫМ

Көлеңке түсірме жаныма
Ардағым қорғаным жаным
Нұрланған өзіме жан-жарым
Арманым таңдадым жаным

қайырмасы:
Айдыным пәк қандай
Аққудай еркін жүземін
Қанатын пәк қандай
Арманшыл боп жүремін

Үмітсіз бұл өмір қараңғы
Мәні жоқ сәні жоқ жаным
Махаббат тербеткен ғаламды
Тербелеп емденем жаным
Сағынсам құшаққа өзіңді
Қысамын құшамын жаным
Айдынын тапқан бір аққумын
Шынарым сыңарым жаным

қайырмасы:
Айдыным пәк қандай
Аққудай еркін жүземін
Қанатын пәк қандай
Арманшыл мен қыз едім

Маржаным пәк қандай
Алқамсын сен менің мойнымда
Жүрегім сен деп соққан-ай
Күндіз түн сенсің ойымда
Шахизада, Жаным lyrics, 2017
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






06.06.2017
Users