Шах Атажанов Анама деп lyrics

Анама деп Шах Атажанов

2022

4
0

Share:




Lyrics


Ағаш ектім жемістерін балама деп
Малда бақтым келістері балама деп
Ойды қырды тегістедім балама деп
Айтшы достым не істедім анама деп
Ойды қырды тегістедім балама деп
Айтшы достым не істедім анама деп

Қан жусада білегімді балама деп
Аямадым жігерімді балама деп
Жараладым жүрегімді балама деп
Не жасадым айтшы достар анама деп
Жараладым жүрегімді балама деп
Не жасадым айтшы достар анама деп

Сапарларда киім алдым балама деп
Зәулім сарай – үйлер салдым балама деп
Бар тәттіні үйіп алдым балама деп
Айтшы қандай сыйлық алдым анама деп
Бар тәттіні үйіп алдым балама деп
Айтшы қандай сыйлық алдым анама деп

Ақшаны да селдей төктім балама деп
Ауыр жүкті сүйрей өттім балама деп
Дем алуды білмей өттім балама деп
Көңілімді бөлмей өттім анама деп
Дем алуды білмей өттім балама деп
Көңілімді бөлмей өттім анама деп

Ақ сүт беріп әлпештеген анама деп
Ниет қылсам ақ орамал жабам ба деп
Ыңғайсыздық ұялайды санамды тек
Біреулерді ренжітіп алам ба деп
Ыңғайсыздық ұялайды санамды тек
Біреулерді ренжітіп алам ба деп

Біреулерді ренжітіп алам ба деп Х2




Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




10.03.2022
Music Videos
Шах Атажанов
Анама деп


shinline.kz / Создание сайтов - https://ima.kz