Шегенің ариясы lyrics

Шахаризат Сейдахмет

2017

1
0

Share:



А-а-ау, тотыдайын таранған,
Сұңқардайын сыланған,
Сұлу Жібек ар ма екен?!
Құлап түскен қос жылан,
Қолаң шашың иықта,
Бойыңда бір мін бар ма екен?
Қасың, көзің қиылып,
Қудай мойының иіліп,
Ақ маңдайлы, ақша бет,
Жүрекке салмас қалай өрт?
Ақ сабағың үзілген,
Тісің меруерт тізілген,
Бейне бір бетің қар ма екен?!
Ат арытып, тон тозып,
Алты ай жүріп, жол кезіп.
Келіп тұрған алыстан,
Төлегендей мырзаның-ай,
Арманы, сірә, бар ма екен?!
Оу, бәрекелді Жібекжан,
Айың тусын оңыңнан,
Жұлдызың тусын солыңнан.
Тәңірім жолды аша гөр,
Дұшпанның көңілін баса көр.
Ұстады сұңқар қолыңнан.
Табылды мұндай мереке,
Ойын-сауық береке.
Жібек деген дауысқа,
Төлеген келді алыстан.
Ау, отырыс болмасын,
Құдаларға барайық.
Барып бәрін салайық.
Жеткенінше мал беріп,
Малмен қоса жан беріп,
Ақ батасын алайық.
Өзге қызық тамаша,
Болады жастар соңынан...
Шахаризат Сейдахмет, Шегенің ариясы lyrics, 2017
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






11.11.2017
Users