Қараторғай (Халық әні) lyrics

Шахаризат Сейдахмет

2017

0
0

Share:



Келеді қараторғай қанат қағып,

Астына қанатының маржан тағып.

Бірге өскен кішкентайдан сәулем едің,

Айрылдым қапылыста сенен нағып.

Қараторғай,

Ұштың зорға-ай.

Бейшара, шырылдайсың,

Жерге қонбай.

Ертістің аржағында бір терең сай,

Сүйреткен жібек арқан тел қоңыр тай.

Ағаштың бұтағына қонып алып,

Сайрайды, таң алдында қараторғай.

Қараторғай,

Ұштың зорға-ай.

Бейшара, шырылдайсың,

Жерге қонбай.
Шахаризат Сейдахмет, Қараторғай (Халық әні) lyrics, 2017
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






11.11.2017
Users