Серик Рахметов Ана lyrics

Share:




Lyrics



Іздедім жан анам сені
Таңдардан арайланған
Көктемге құстардың егі
Тізіле қайта оралған
Сағындым анашым сені
Жылдардың жетегінде
Балалық бал күнім менің
Келмеске кеткеніме
Балалық бал күнім менің
Келмеске кеткеніме

Қайырмасы
Ана ана мама...
Сағынышта балаң
Ана ана мама...
Қымбатсың сен маған
Ана ана мама...
Оралмас сол бір кез
Сағыныш сағым боп еседі
Нұраның толқынындай

Жаулығың желбірей желмен
Жанарың тұр ғой есте
Мейірімін шуағын берген
Күндердің бәрі елеспе
Анашым асылым менің
Оралшы сағынышпен
Анашым ардақтым менің
Кетпейсің сен есімнен
Анашым ардақтым менің
Өшпейсің мәңгі естен

Қайырмасы
Ана ана мама...
Сағынышта балаң
Ана ана мама...
Қымбатсың сен маған
Ана ана мама...
Оралмас сол бір кез
Сағыныш сағым боп еседі
Нұраның толқынындай



Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Added

11.03.2019


shinline.kz / Создание сайтов - https://ima.kz