Сырдың елі әдемі Серік Ибрагимов

2018

18
0

Share:




Lyrics



Шапқанда шабытымның қара кері
Батыр ашып кезікпесе жарар еді
Сұлулықтың атасы Қызыл Ордада
Ағайын құлақ түріп қара бері

Ал енді сырдың елін мен мақтайын
Қолдасын Алты алаштың адал елі
Жаңақорған шипалы батпағынан
Науқастың жазылған ғой жан әлемі
Ақ күріші жайқалған Шиелінің
Арайлап атып жатқан таңы әдемі

Жылдан жылға жаңарған Жалағаштың
Жайқалып өсіп жатқан дала демі
Атағы асқақтаған терең өзек
Батырларды өсірген далам еді
Аралдың аппақ тұзы болмағанда
Асыңның болмайды ғой дәмі әдемі
Қазалының қысында қары әдемі Жазында бұрқыраған шаңы әдемі
Жайқалған жусанына жайылған
Теңіз қымыз шұбат дәмі әдемі

Байқоңырым болмағанда орыстарда
Косомос арман болып қалармеді
Жүз шайырдың мекені қармақшының астында
Әуедегі әні әдемі
Албандардың басын қосып ән қып айтқан
Серікте бақытты бір балаң еді
Қысқасын айтқанда Қызыл Ордада
Менен басқасының бәрі әдемі




Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Comments
Sairasamgalikyzy Sairasamgalikyzy
09 2018

Текст

Added

09.09.2018