Серік Ибрагимов Гүлімсің (2020), lyrics

Гүлімсің lyrics

Серік Ибрагимов

2020

16
0

Share:



Жүрек тұнған сағыныш,
Ән жырымды алып ұш.
Шын сыйлаған өмірде,
Махаббаттың балын іш.
Сыңғыр сырлы сұлуым,
Махаббаттың жылуын.
Нұр қылып құй құмарланған кеудеме.



Қайырмасы

Гүлім, гүлім, гүлімсің,
Арманымсың, жырымсың.
Бақытымсың, базарымсың сен,
Махаббаттың жырын айт.
Жүрегімнің сырын айт,
Арман гүлім, ажарымсың сен.


Ақ сезімнің үмітін,
Әлдилейді күні-түн.
Бақытымның бастауы,
Өмірімнің гүлісің.
Тебіренткен тілектің,
Тыншымаған жүректің.
Кеүдемдегі күмбірлеген үнісің.



Қайырмасы

Гүлім, гүлім, гүлімсің,
Арманымсың, жырымсың.
Бақытымсың, базарымсың сен,
Махаббаттың жырын айт.
Жүрегімнің сырын айт,
Арман гүлім, ажарымсың сен.

Махаббаттың мәнгілік,
Тұнығындай таң күліп.
Сені сүйу мен үшін,
Тәңір жазған заңдылық.
Жан тербеген сазыңнан,
Сенің ерке назыңнан.
Жан гүлім-ау жаралансам жабығам.

Қайырмасы

Гүлім, гүлім, гүлімсің,
Арманымсың, жырымсың.
Бақытымсың, базарымсың сен,
Махаббаттың жырын айт.
Жүрегімнің сырын айт,
Арман гүлім, ажарымсың сен.







Comments

Gulnaz Shegebaeva

11 2021

👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻

erkekultaeva1980@gmail.com

23 2021

👍🏻👍🏻

Азиз

Corrected text

02.01.2021