Туған күніңмен, Мама Серікбол Сайлаубек

2021

9
0

Share:




Lyrics



Қандай тілек айтайын мама саған
Сен бізді биік еттің аласадан
Алдыңда басын иіп жерге дейін
Алғыс айтар саған бала-шағаң

[Қайырмасы]
Алмасып атар таңым батып күнім
Тоқтата алар жүйрік уақытты кім
Туған күніңмен мама, туған күніңмен мама
Мен үшін осы нағыз бақытты күн

Алмасып атар таңым батып күнім
Тоқтата алар жүйрік уақытты кім
Туған күніңмен мама, туған күніңмен мама
Мен үшін осы нағыз бақытты күн


Жылуы ортаймаған нұр сөзіңнің
Аспансың ау мен сенің жұлдызыңмын
Қолыңа түсіп жатқан әжімдер де
Өмірбаяны ғой ұл-қызыңның

[Қайырмасы]
Алмасып атар таңым батып күнім
Тоқтата алар жүйрік уақытты кім
Туған күніңмен мама, туған күніңмен мама
Мен үшін осы нағыз бақытты күн

Алмасып атар таңым батып күнім
Тоқтата алар жүйрік уақытты кім
Туған күніңмен мама, туған күніңмен мама
Мен үшін осы нағыз бақытты күн



Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Comments
Reaktiv Tel
03 2021

Маладец

Added

06.03.2021