Сол кездер lyrics

Серікбол Сайлаубек

2019

6
0

Share:



Сол бір кездер сол шақтар
Мөлдір сезім мол шақтар
Гүл жайнады нұр жайнады
Ұқсап маржан моншаққа
Артқа тастап көктемді
Асыппыз-ау көк белді
Аңқылдаған ән тындаған
Армандаймыз өткенді

Қайырмасы
Сол бір кездер қайда, сол бір кездер
Қызығыңа қандымба?
Таңғы шықтай тұнық мөлдір көздер
Не тосып тұр алдымда

Жыл артынан жыл өтті
Жанымды мұң жүдетті
Бұл күнде сен сілкінбе сен
Кім жұбатар жүректі
Махаббатты жырлауда
Өмір шіркін зырлауда
Алқынбасаң жарқылдасаң
Дайын сені тыңдауға

Қайырмасы
Сол бір кездер қайда, сол бір кездер
Қызығыңа қандымба?
Таңғы шықтай тұнық мөлдір көздер
Не тосып тұр алдымда

Сол бір кездер сол шақтар
Мөлдір сезім молшақтар
Гүл жайнады нұр жайнады
Ұқсап маржан моншаққа
Артқа тастап көктемді
Асыппыз ау көк белді
Аңқылдаған ән тындаған
Армандаймыз өткенді

Қайырмасы
Сол бір кездер қайда, сол бір кездер
Қызығыңа қандымба?
Таңғы шықтай тұнық мөлдір көздер
Не тосып тұр алдымда?



Серікбол Сайлаубек, Сол кездер lyrics, 2019
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Anonymous

Corrected text

26.01.2019