Қаз-Қаз балам

Алтынай Жорабаева

2018

14
0

Share:





Загрузка...



Қаз қаз балам қаз балам,
Қадам бассаң мəз болам
Қаз қаз балам қаз балам
Тақымыңды жаз балам
Күрмеуіңді шешейін
Тұсауыңды кесейін

Қадамыңа қарайық
Басқаныңды санайық,
Қаз қаз балам жүре ғой
Балтырыңды түре ғой
Тай құлын боп шаба ғой
Озып бəйге ала ғой

Қазбаса ғой қарағым
Құтты болсын қадамың
Өмірге аяқ баса бер
Асулардан аса бер
Жүгіре қойшы құлыным
Желбіресің тұлымың
Елгезек бол ерінбе
Ілгері бас шегінбе

Алтынай Жорабаева Қаз-Қаз балам lyrics, Алтынай Жорабаева 2018


Загрузка...





Admin

Corrected text

14.05.2018