Әлдекім құсап дәурен сап,
Жүрмедім шайқап деме сен,
Қанағат, тоқтам, ар, нысап -
Қасиеттер ғой ең әсем.
Бақыттың құсы басыма,
Қонбады-ау келіп деме сен.
Шүкір ет, жүрсем қасыңда,
Сүйеніш болып мен есен.
Талқыға салса тіршілік,
Таршылық көрдім деме сен.
Қаламын ширап, құлшынып,
Өзің бір сүйеп демесең.
Бақыттың құсы басыма,
Қонбады-ау келіп деме сен.
Шүкір ет, жүрсем қасыңда,
Сүйеніш болып мен есен.
Ағаттық етсем кейде мен,
Ақылдан жұрдай деме сен.
Баяғы балғын бейнеңмен,
Жүздетіп күнде кеңесем.
Бақыттың құсы басыма,
Қонбады-ау келіп деме сен.
Шүкір ет, жүрсем қасыңда,
Сүйеніш болып мен есен.
Қанат
👍