Серік Ибрагимов Ән жүрегім - Астана (0), lyrics

Ән жүрегім - Астана lyrics

Серік Ибрагимов

Ән жүрегім - Астана

3
0

Share:



1)Астана деп ән тербейміз 
Әсем әнмен жан тербейміз
Астананың думан әр күні
Арта түскен қарқыны бар
Өзіңменен өркендейміз
Жасай бергін әсем Астана
 
Қ-сы
Елімнің әні, жерімнің сәні 
Өркендей бер, көркейе бер Астана  
Сезімді тербеп, алыстан ғарыш өрлеп
Асқақтай бер ән журегім Астана 
 
2)Бар әлемді таңдандырған
Жаңа өмірді жандандырған
Ынтымаққа елді бастаған 
Азияда бас қала бар 
Ән жырымен салған думан
Жасай бергін ару Астана
 
Қ-сы
Елімнің әні, жерімнің сәні 
Өркендей бер, көркейе бер Астана  
Сезімді тербеп, алыстан ғарыш өрлеп
Асқақтай бер ән журегім Астана






Comments

Аружан Камар

04 2016

Өте əдемі өлең

GM

Added Lyrics

22.10.2015