Жігіттер vs Қыздар

Серік Ибрагимов , Айдана Меденова

2018

27
4

Share:





Загрузка...



Қалап тұрып, қарап тұрып
Көрмегендей боп қалатын.
Жігіттер-ай, еркекпіз деп
Кеудесін қатты қағатын.

Біліп тұрып, күліп тұрып
Алдайтын ай, ай, арулар.
Мың құбылмай, жынды қылмай
Қабағымызды бағыңдар.

Қайырмасы:
Біз ғана, біз ғана арулар
Ханшайым, патшайым, ханымдар.
Ал қыздың сөзінің дəмі бар

Біз ғана, біз ғана біз деген
Жігітпіз бір бақыт іздеген
Жігіттен бір саты төмендеу тұрады қыз деген.

Сабырлы адам, жалындаған
Біз жігіттерміз жолы бір
Қадірлі адам қабырғадан
Жаратылғансың соны біл.

Бізге алыстан қызғаныштан
Ойлар келеді күмəнді
Жанымда сыр, бауырмашыл
Біз арулармыз шыдамды.

Қайырмасы:
Біз ғана, біз ғана біз деген
Жігітпіз бір бақыт іздеген
Жігіттен бір саты төмендеу тұрады қыз деген

Біз ғана, біз ғана арулар
Ханшайым, патшайым, ханымдар.
Ал қыздың сөзінің дəмі бар.

Бір сөзге тоқтаған
Қазақ қызбын мақтанам
Ел мақтаған жігітті
Қыз да жақтаған

Бəсе, бəсе дəл солай
Жүру керек ханшадай
Қызды қылған жігіттер
Жүрек жаншымай

Жігіттің гүлі бар қолдағы
Отбасы өзінің орманы
Жігіттер - асқар тау əкелер
Арудың қорғаны

Арулар - аналар бағалы
Өзінің үйінің қонағы
Аялап ұстасаң жаныңа
Саябақ болады

Арулар, арулар тым нəзік
Жігіттер өлеңін жүр жазып
Арулар, арулар жан-жақты
Жігіттер салмақты.
Серік Ибрагимов & Айдана Меденова Жігіттер vs Қыздар lyrics, Серік Ибрагимов 2018


Загрузка...





Comments

Камила Токтаушева

14 2018

керемет əн

Жазира Бердиева

19 2018

маған қатты ұнайды

Admin

Corrected text

06.06.2018
Users