Сұлу ағаш lyrics

Серәлі Еруәліұлы

0
0

Share:


Тұрмысың аман-есен,Сұлуағаш,
Қыстауға құмар еді тамам ағаш.
Малы жоқ Жаманқыздың қара құрым,
Сып-сида көрінесің жап-жалаңаш.
Сұлулық қалыбыңда тұрсыңба аман,
Келуші ем шаттықпенен мен де саған.
Қой маңырап,сиыр мөңіреп жатқан ағаш,
Иеңнің сөйткен сенің жоғы жаман.
Жүруші ем келіп-кетіп жүргенімше,
Көңілім тынбаушы еді көргенімше.
Мырзаға муапық сөз қандай бар?-деп,
Ағашқа ойланушы едім кіргенімше.
Риза емен сенің тұрған бұл күйіңе,
Жаманқыз жарасушы ең ақ үйіне.
Көрініп көкпеңбек боп тұрушы едің,
Шыққанда Қысырақтың биігіне.
Қат едік Жаманқыз бен Көктен байға,
Жатушы ең бір мың жылқы әрбір сайда.
Зор мәжіліс күндіз-түні және қайда,
Кетуші ең әрең-мәрең бір-екі айда.
Панаңда құлындаған биең қайда?
Боталап,боздап жатқан түйең қайда?
Айдатып сан қараны мекен еткен
Жаманқыз,Көнтек байдай иең қайда?
Жанақай жұртқа әшкере дыбыстарың,
Дәулетті салтанатқа қарыштадың.
Жиылып қыз-бозбала өлең айтқан
Кетпейді құлағымнан дауыстарың.
Кетпеген әлі күнге тілден ағаш,
Атыңды Арғын,Жаппас білген ағаш.
Болғанда түн ортасы жаңғырықтырып,
Маңқылдап байтөбетің үрген ағаш.
Көбең ат семірген жер,жаз жайлаған,
Хан,қара мекен етіп,мал айдаған.
Ағашты жаңғырықтырып өлең айтып,
Сұлу қыз кешке жақын нар байлаған.
Серәлі Еруәліұлы, Сұлу ағаш lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

26.08.2016