Саз тобы Ерекшесін lyrics

Ерекшесін Саз тобы

Ерекшесін

0
0

Share:


Lyrics



1.Қапырықта  самалмен  аңызғақтай,
Қара  түстің  ішінде  жалғыз  ақтай.
Ерекшесің , ерекше , ерекшесің,
Тәттісің-ау,  не  деген  балмұздақтай?

Қ-сы:

Көңіліме  көшіп  кеп  ауып  алдың,
Қызықтырып  көзімнің  жауын  алдың.
Мен  өзіңді  әдемі  әуен  ғылып,
Пернелердің  ішінен  тауып  алдым.

2.  Шиедейін ерінің  тұр  қызарып,
Сүйсінемін сұқтанып үнсіз қалып.
Жарық  шашып  ерекше  жылтылдайсың,
Жағасына  алғандай  жұлдыз  тағып.

3. Оранғандай  үлде мен  бүлдені-ай,
Жадырайсың  жайнайсың  түрленіп-ай.
Біз  сүйсініп  жүргенде  сырттай  саған,
Сені  самал  жел  сүйіп  жүргенін-ай.



Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Added

13.12.2015


shinline.kz / Создание сайтов - https://ima.kz